«Шеберлер жәрмеңкесіне» кімдер қатыса алады.
Жәрмеңкеге қатыса алады:
- Ұлттық нақышты негізге ала отырып жаңа технологияларды пайдаланып,өз қолымен бұйымдарды жасайтын шеберлер. Ұлттық нақыш белгілерімен бұйымдар шығаратын, не болмаса ұлттық дәстүрлер негізінде бұйымдар ұсынатын Артельдер, студиялар, мекемелер.т.б. Қол өнер шеберханаларының шеберлері.
- Ұлттық нақыштарды белгілеп, жаңа технологияларды шығармашылық еңберінде пайдаланып бұйымдар ұсынатын шеберлер мен қыз келіншек шеберлер.
- Кәзіргі заманның сұранысына сай , табиғи өнімдерден ерекше дизайынмен жасалған бұйымдарға қолдау көрсетіледі.
- Жәрмеңкеде өнер шеберлерінің бұйымдары бірінші, ал қолдан тоқу, тігу бұйымдары соңына қаралады.
- Жәрмеңкеде, табиғи тастардан, фурнитулардан жасалған моншақ, әшекейлер және де жәй құрастырылған бұйымдар шектеледі. Бұл бұйымдар, барлық ұсынатын ассортименттік 30% құрауы шарт.
- Азық-түлік сатылуына рұқсат етілмейді.
- Жәрмеңкеде шығарылған бұйымдардың, сапасы мен түрлерін анықтап шектеуге жәрмеңке басшыларының құқығы бар.
- Егерде, Сіз әкелген бұйым сурет сипатына және де жәрмеңке ережесіне сай келмесе, орынға төленген ақы қайтарылмай, Сізді қатыстырмауға басшылардың құқығы бар.
Қатысушылардың міндеті.
- Таңғы сағат 9 — дан қалмай, жәрмеңкенің ашылуына дайын болу .(сағат 10- да ашылады). Кері жағдайда, орын басқаға өтіп, төлем ақы қайтарылмайды.
- Киім- киіс келбетінің ұқыптылығы қажет (ұлттық киім құпталады).
- Сауда орнын тазалықта ұстап, артынан қалдықтарды тастамай жинап кету.
Қатысушылардың төлем ақысы.
Екі күн қатысуға- 15000 теңге. Егер бір күн қатыссаңыз 10 000 теңге.
Осы төлем ақысына 1 стөл, 1 орындық және жарты шатыр орын беріледі.
Жәрмеңкеге қатысу үшін, алдын ала төлем ақы 100% төленуі қажет.
Төлем ақыдан соң, әр қатысушыға сауда орыны белгіленеді.
Орынға алдын ала белгіленген схема бойынша орналастырылады.
Төлем ақыны өткен жәрмеңкеде не болмаса алдындағы күні қабылданады. (орындар қалса).
Төлем ақыны қабылдау уақытын, біз әлеуметтік желі арқылы жәрмеңкеге 3-4 күн қалғанда хабарлаймыз.
Егерде, жәрмеңкеге қатысушы ақша төлеп қойып, дәлелді себептермен жәрмеңкеге қатыса алмаса, онда келесі жолы төленген ақшамен бір рет қатысуға болады.Бірақ, ұйымдастырушыларды 5-күн бұрын алдын ала ескертіп, келісімін алу керек. Олай болмаған жағдайда төленген ақша қайтарылмайды.
Жабдықтар кепілі.
Қатысушыларды жабдықтармен қамтамасыз еткені үшін ( стөл, орындық, дастарқан) кепілге 2000 теңге алынады. Жабдықтар бүлінбей қайтарылған да, кепіл ақша иесіне беріледі.
Тыстан келетін қатысушылар назарына.
Жәрмеңкеге келмей тұрып, бос орындар барын анықтап алыңыздар. Анықтама координаттары
телефон +77057157439
Дәмелі.
Біздің парақшаларымыздағы Жарнамалар мен шеберлердің координаттары туралы.
Жәрмеңке басшылары, қатысушылардың тұрғын жайларын, әлеуметтік желідегі парақшаларын, жеке бастарына қатысты мәліметтерді, бұйымдардың бағаларын, сандары туралы ақпараттар бермейді.
Біздер, тек қана сауда алаңын жалпы жәрменкені жарнамалаймыз және де әр шебердің жеке мүдделерін білдірмейміз.
Әр қатысушы біздің және әлеуметтік желідегі парақшаларымызда, өздерінің жеке координаттары мен бұйымдарының суреттерін көрсетуіне болады.
Барлық мәліметтеріңізді (орын, уақыт,кездесу,бұйымдарды жеткізу, баға) өздеріңіз хабарлайсыздар.
Басқа сауда орындарының (көрме,шеберхана, дүкен, инт.сатылымдары) жарнамалары, жәрмеңке басшыларының рұқсатынсыз болмайды.
Осы ережелерді сақтамаған қатысушылардың суреттері ,альбомнан ескертусіз алынып тастайды.
Суреттердің астына жазылатын бөтен түсініктемелер, ережеге сай болмаса алынып тасталады.
Біз, туралы жаңалықтарды
Мой Мир группаларынан қадағалауға болады.